Басты бетЖаңалықтарШымкентте тергеу...

Шымкентте тергеу изоляторынан күдікті қашып кетті: 17 қызметкер жазаланды

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Аса ірі көлемде ұрлық жасады деп айыпталған күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан кедергісіз қашып кеткен болатын.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы қылмыстық-түзеу жүйесі департаментіндегі оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Оның барысында қызметтік міндеттерін бұзған 17 адам тәртіптік жауапқа тартылды. Біреуі ішкі істер органдарынан шығарылды. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл деректі растады.
Еске салайық, оқиға 11 мамырда Шымкенттегі тергеу изоляторында болды. Күдікті бір күннен кейін қалада ұсталды. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінген еді, енді түзеу мекемесінен қашып кетті деген айып тағылды.