Президенттің фото және видеоларын кімдер түсіреді?

Президенттің жеке фотографы — Аманқұл Дүйсенбаев. 1988 жылы дүниеге келген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен парламент сенатының төрағасы кезінен, яғни 2007 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді.

Аманқұл Дүйсенбаев
Фото: «Борт №1» Telegram-арнасы

Тағы бір жеке фотограф — Ғани Өмірбеков 1987 жылы туған. Ол президент баспасөз қызметінде жұмыс істегеніне 3 жылға жуық уақыт болды.

Ғани Өмірбеков
Фото: «Борт №1» Telegram-арнасы

Қазақстан президентінің Түркияға мемлекеттік сапары кезінде әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда таралған видеоларды жасаған — Ғабиден Құрышбеков есімді азамат. Ол 1994 жылы дүниеге келген. Ғабиденнің баспасөз қызметінде жаңа форматтағы аса жауапты жұмысты бастағанына көп уақыт өткен жоқ.

Ғабиден Құрышбеков
Фото: «Борт №1» Telegram-арнасы