Референдум арқылы Конституцияға барлығы 56 өзгеріс енгізіледі

Референдум арқылы Конституцияға барлығы 56 өзгеріс енгізілгелі отыр. Егер оның әрқайсысын жеке сауал ретінде қарастырсақ, әр азаматқа жеке 56 бюллетень керек. Яғни әр азамат 56 бюллетенді оқып, бөлек-бөлек дауыс беруіне тура келеді. Бюллетенде 1 ғана сауал болудың себебі Конституцияға енгізілетін өзгерістер бір-бірімен тығыз байланысты және ұқсас. Егер азамат бір өзгеріске қарсы шықса, ол екінші өзгеріске әсерін тигізеді. Ал енгізілмек өзгерістер бір-бірімен ұштасып жатыр, — деді Алма Мұқанова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр қазақстандықтарды референдумға белсенді қатысып, ел тағдыры үшін маңызды шешімді бірге қабылдауға шақырды.

Әрине, әр азаматтың өзгерістермен келісуі немесе оған қарсы шығуы өз таңдауында. Ең бастысы, шешімді ой сүзгісінен өткізіп барып қабылдаған жөн. Біз демократиялы елде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан таңдау еркі болуы қажет, — дейді ол.