Осындай келісім Сауд Арабиясы корольдігінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесуінде жасалды.
Кездесуде биылғы қажылықты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Наурызбай қажы қазақстандық қажыларға барынша қолайлы жағдай жасау бойынша өз ұсынысын жеткізді. Оның ішінде ең маңыздысы қажыларды жеткізетін әуе тасымалының тиімді бағада болуы турасында келіссөздер жүргізілді.
Оның айтуынша, чартерлік әуе рейстерінің бағасы қазақстандықтар үшін қымбатқа соғып жатыр.
Өз кезегінде Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа қазақстандық қажыларға барынша қолдау көрсететінін айтты. Екіжақты кездесу барысында биыл Қазақстаннан 3 мың адам қажылық парызын өтейтіні туралы келісілді.
Сауд Арабиясы тарапы Қазақстанға берілген ресми 3 мың орыннан тыс, қажылық маусымда елге кіруге ешкімге жол берілмейтінін ашып айтты.
Бұдан бөлек, Қазақстанның бас мүфтиі дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы шейх, доктор Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Иссамен кездескен.
Наурызбай қажы Тағанұлы дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын Қазақстанға сапармен шақырды.
Кездесу соңында бас хатшы Қазақстанға шақыруды қабыл алғанын және бұл шара жоспарында бар екенін жеткізді.