Президенттің Түркияға сапары аяқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аяқталды.

Мемлекет басшысын Анкараның халықаралық әуежайында Түркияның вице-президенті Фуат Октай шығарып салды.

Екі күнге созылған мемлекеттік сапардың негізгі түйіні Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен жүргізілген жан-жақты келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар әртүрлі салаларда ынтымақтастықты нығайта түсетін бірқатар маңызды үкіметаралық келісімдерге қол қойылды, — деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге мемлекет басшысы түрік бизнесінің ірі өкілдерімен кездесті.

Олармен кездесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізері сөзсіз.  Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қол жеткізілген барлық уағдаластықтың орындалуы оның жеке бақылауында болады, — делінген хабарламада.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 22 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қалың тұман: Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды

Астанадағы қалың тұманға байланысты республикалық маңызы бар автожолда қозғалысқа тыйым салынды. 

Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны әлемдік рейтингіге енді

Еліміздегі сегіз жоғарғы оқу орыны әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Қазгидромет тасқын қаупіне байланысты ескерту жасады

Қазақстанның төрт облысында өзендер тасып, су басу ықтималдығы бар. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. 

10 АЕК. Үй жануарларын ұстау туралы ережені бұзғандар қалай жазаланады?

Экология және табиғат ресурстары министрлігі ит пен мысық иесі жаңа ережені бұзса, қалай жазаланатынын хабарлады. Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар, аңшылық шаруашылығы...