Арнайы рейд барысында табиғат аясында демалушыларға 10 мыңға жуық жадынама таратылды. Сонымен қатар тексеру кезінде мамандар таулы жерде от жағудың 39 жағдайдың алдын алды. 21 адам әкімшілік жауапқа тартылды, оның екеуіне 76 575 теңгеге айыппұл салынды,- делінген хабарламада.
Орман шаруашылығы мекемелері мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда от жаққаны үшін әкімшілік айыппұл салуға уәкілетті. Айыппұл сомасы 30 мыңнан 306 300 теңгеге дейін.
Осыған орай, демалушылардан темекі тұқылын құрғақ шөпке тастамауды, от жақпауды және ашық отты пайдаланбауды, шыны сынықтарын және басқа да қоқыстарды қалдырмауды сұраймыз. Іле-Алатау ұлттық паркінде, Алма -Арасанда, Үлкен Алматы және Казачка өзендерінің бойында тамақ дайындау үшін арнайы жабдықталған орындар (орындық, үстел, бетондалған алаң, мангал) бар. Сондықтан шырша жанында от жағуға қатаң тыйым салынады,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар Медеу ауданындағы Медеу табиғи паркінде және Наурызбай ауданындағы Ақсай шатқалында от жағуға болмайды.