Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда Жеңіс...

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болады. Отшашу бүгін, 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады. Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрайды, ал атыс саны кемінде 3 мың, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылған. Студенттер саябағында ардагерлер мен қала тұрғындарына арналған концерт өтеді. Мерекелік концерт сағат 14:00-ге дейін болады.

Бұдан бөлек, Жеңіс күнін мерекелеу күндері соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жараланып қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне «Отан ана» монументіне және соғыс батырлары – Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқаларлың ескерткіштеріне гүл, «Даңқ» гирляндаларын қою рәсімдері дәстүрлі түрде болады,- делінген хабарламада.

9 мамырда «Солдатский котелок» ертегісін көрсететін қуыршақ театрына баруға болады, ал 10 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Жеңіс күніне арналған «Біз Жеңістің ұрпағымыз!» атты лекцияға қосылуға шақырады.