5 мамырда Алматыда тағы бір өнер кеңістігі - Almaty theatre ашылды. Қалада жаңа өнер ордасының пайда болуы шынымен де айтулы оқиға болды. Baribar.kz тілшілері Мейірман Лес пен Бақдәулет Әбдуалы да сән-салтанаты келіскен ғимаратты аралап көрді.

Театр әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан. Мультифункционал мәдени орталықтың жалпы ауданы — 14 000 шаршы метр. Ғимарат төрт қабаттан тұрады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Театр өзге мәдениет ғимараттарынан ішкі және сыртқы сән-салтанатымен ерекшеленеді. Оның айналысындағы саябақ, жарығы бар фонтан демалуға, серуендеуге және фотоға түсуге таптырмас локация бола алады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Тағы бір ерекшелігі — театрда қала тұрғындары мен қонақтары үшін интерьері ерекше мейрамханалар мен кофеханалар бар.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Almaty theatre-дың бірінші қабатында мәдениет, өнер туралы дәрістер мен семинарлар өтеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Театрдың бірінші қабаты. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Театрдың екінші қабаты — түрлі көрме мен арт-перфоманс жасауға ең лайық жер.

Театрдың екінші қабаты. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Almaty theatre-да хореография мектебі де болады. Мұнда балеттің болашақ артистері ғана емес, билеп көргісі келетіндердің бәрі келе алады. Осылайша, театр мен мектеп ұжымы Алматының балеттегі жаңа кезеңі басталатынына сенімді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Балет класының терезесінен Алматының оңтүстігіндегі биік әрі әдемі ғимараттарды көруге болады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

700 орындық көрермен залы және үлкен сахнасы бар театр тек опера мен балетке арналмаған. Мұнда өнердің кез келген түрінен шара өте береді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақстан хореографтар одағы төрағасының бірінші орынбасары және гастрольдерді ұйымдастырушы Нұрлан Қонақбаев театрдың техникалық мүмкіндіктерін жоғары бағалады.

Нұрлан Қонақбаев
Нұрлан Қонақбаев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Оның айтуына қарағанда, дүниежүзінің балет жұлдыздары сахнаның, жарықтың, акустиканың және театрдың жалпы техникалық мүмкіндіктерінің өте жоғары болуын талап етеді. Сахнада дәл қазір тұрған еден арлекин деп аталады, балет үшін арнайы қойылған. Бұл аяқтың тайып кетпеуіне, еркін қимылдауға көмектеседі және ең бастысы — артистердің буынына түсетін күшті азайтады. Ал еденді басқа шаралар өтетін кезде жинап алуға болады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Almaty theatre-дың түнгі көрінісі. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Almaty theatre сахнасында алғаш болып қазақстандық бренд — «Астана балет» өнер көрсетті. Театрдың Алматыдағы гастролі 28 мамырға дейін жоспарланған.

«Серенада», «Астана балет» театрының артистері. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Тағдыр бұлтарыстары», «Астана балет» театрының артистері. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ресейдің Борис Эйфман театрының 60 артистен тұратын труппасы да Almaty theatre-да алғашқылардың бірі болып өнер көрсетеді. Олар 7 мамырда алматылықтар үшін «Анна Каренинаны» қойса, 8-9 мамыр күндері «Роденді» сахналайды.

Борис Эйфман театрының артистері. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы