Басты бетЖаңалықтарАстана қаласының...

Астана қаласының шекарасы кеңейді

«1993 жылдың 8 желтоқсанында қабылданған «ҚР әкімшілік-аймақтық құрылымы туралы» заңның 9-бабына сәйкес бұйырамын: Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты 8 719 гектар жер Астана қаласының шекарасына қосылсын. Аталған бұйрық жарияланған уақыттан бастап орындалсын»,-деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Бұйрыққа қосымша құжатта Астананың оңтүстік-батысындағы 7 300 гектар жерден Астананың халықаралық әуежайына берілетіні жазылған. Оның 2500 гектары — жайылым, 1470 — егіндік, 305 — тыңайған жер, 5 — пішен шабатын жерлер. Сондай-ақ қаланың оңтүстік-батысындағы 959 гектар жер мен солтүстік-батысындағы 460 гектар да Астанаға кіреді.

Бұрын бұл аймақтағы жерлерге әуежайды кеңітіп, мұсылмандар мен христиандардың қорымына салынатыны хабарланған еді.

ДереккөзVlast.kz