Басты бетЖаңалықтарҚазақстандағы Альфа-Банктің...

Қазақстандағы Альфа-Банктің атауы өзгерді

Ақпаратқа сәйкес, тәртіп бойынша банктің атауы өзгергеннен кейін оны ресми түрде тіркеу керек.

Қайта тіркеу рәсімдерінен кейін банк жаңа брендпен ECO BANK болып жұмыс істейді. Толық атауы — «ECO BANK» еншілес банкі». Банктің бұрынғы қызметтері өзгермейді. Ал оны SDN тізімінен шығарғаннан кейін клиенттерге банк қызметтерінің толық кешені қолжетімді болады, — делінген ресми мәлімдемеде.

«Банк ЦентрКредит» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Құсайыновтың айтуынша, Қазақстанда санкцияға түскен банкті сатып алу шарасы алғаш рет атқарылды. Осы жұмыс барынша қысқа уақыттың ішінде жасалды.

Айта кетейік, «Банк ЦентрКредит» 1988 жылы құрылған. Қазіргі кезде республика бойынша банктің 130-дан астам бөлімшесі бар.