Президент үш соғыс ардагеріне «Халық қаһарманы» атағын берді

Құжатта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылатыны айтылған,- делінген хабарламада.

Оның ішінде:

Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) — 8-гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-гвардия атқыштар полкі 2-атқыштар ротасының мергені;

Несмиянов Александр Александрович (марқұм) — 126-Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-атқыштар полкі 1-атқыштар батальонының командирі;

Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) — 100-бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.