Жабылу салтанатына партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов, ҚР Қорғаныс министрінің өкілдері, Парламент депутаттары және қарулы күштердің ардагерлері қатысты.
Еліміздің барлық өңіріндегі 10-11 кластың 1700 оқушысының ішінен іріктелген 100-ден астам финалист екі күн бойы жүзуден, кедергілер жолағынан өтуден жарысты және «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында әскери-тарихи викторинаға қатысты.
Ойынның нәтижесі бойынша, бірінші орынды Маңғыстау облысының командасы иеленді. Ал екінші орынды Қарағанды облысының оқушылары алса, үшінші орын Шығыс Қазақстан облысының командасына бұйырды.
Жеңімпаздарды марапаттаған AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов жобаның басты мақсаты – жастардың бойында патриоттық сананы және әскери қызметке деген қызығушылықты қалыптастыру екенін атап өтті.
Бұл – жыл соңына дейін жоспарланған түрлі іс-шаралардың алғашқысы. Qaisar жобасы аясындабарлығы 25 мың жасты қамту көзделіп отыр. Жалпы, партияны трансформациялау аясында жастарқанатын қайта жандандыру жұмыстары қарқындыжүргізілуде. Экологиялық мәдениеттіқалыптастыруға бағытталған TazaLike жобасыіске қосылды. Жақын арада ауыл жастарыныңәлеуетін көтеруге бағытталған Órleu жобасынжүзеге асыру басталады, — деді Асхат Оралов.
Сонымен бірге партияның атқарушы хатшысы әскери қызметшілер мен армия ардагерлерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жылтолуымен құттықтады. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттықмүддесін қорғап тұрған, әскери антына адалпатриоттарды қолдауға ерекше назар аударатынын атап өтті.
Біздің сарбаздар ТМД елдері қарулы күштеріарасында үздіктер қатарында. Оған әскериқызметшілердің жыл сайынғы түрлі халықаралық оқу-жаттығуларға қатысуы мен армия ойындарындағыжеңістері дәлел бола алады. Болашақта ел тәуелсіздігін тұғырлы ететін ол – бүгінгі жастар. Олардың әскерге деген қызығушылығынарттыратын осындай Qaisar сияқты жобалардыңмаңызы өте зор, — деді жиынның жабылусалтанатында ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов.
Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев жоба қатысушыларына жауынгерлік ерліктердің тарихы туралы айтып берді. Ол жастарды патриот болуға шақырып, Отан қорғаудан артық мамандық жоқ екеніне тоқталды.
Бізге әскери бөлімде арнайы экскурсия өткізіп, қару-жарақ түрлерімен таныстырды. Qaisar диалог алаңы аясында офицерлер әскери өмірдің қыр-сырына қатысты барлық сұрақтарымызға жауап берді. Осы жобаның арқасында барлық қатысушылар шын мәнінде бір-бірін жақын тартып, өздеріне еліміздің түкпір-түкпірінен жаңа достар тапты, — деп өз әсерімен бөлісті Түркістан облысынан келген қатысушы Әділ Анарбай.