Алатау аудандық прокуратура таратқан мәліметке сәйкес, ер адам — жәбірленушінің ұлы. Жанжал қайын енесінің келініне дөрекі сөйлеуінен туындаған.
Ол егде жастағы адамға бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана (ауырлығы орташа) зиян келтірді деген күдікке ілінді. Прокурорлар тергеушінің өтінішін қолдады және сот санкциясымен 49 жастағы ер адам екі айға қамауға алынды, — деп хабарлады ведомствадан.
Еске салайық, Алматыда егде жастағы әйелді ұрып-соғып жатқан ер адам видеоға түсіп қалған болатын. Кейін 74 жастағы әйелді өзінің ұлы ұрғаны анықталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram