Басты бетЖаңалықтарБайменов президентке...

Байменов президентке мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту туралы айтты

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Сонымен қатар, президенттің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту туралы жарлығын жүзеге асырудың тиімді жолдары талқыланды. Саладағы жемқорлықпен күрес тәсілдерін және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен кәсібилігін үздіксіз дамытып отыру жайында пікір алмасты.

Кездесуде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіруде халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екені айтылды. Сонымен қатар үздік халықаралық тәжірибелерді електен өткізіп, мемлекеттік аппарат жұмысына пайдалану қажет екені атап өтілді.