Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлімдеді.
Ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек көрсету дәстүрге айналды. Осыған сәйкес, Жеңіс күніне орай жергілікті атқаруы органдар тарапынан сомасы 5 миллиард 400 миллион теңге біржолғы көмек көрсету қаражаты қарастырылған, — деді вице-министр.
Бұл қаражат мына адамдарға біржолғы көмек ретінде беріледі:
- екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 381 адам;
- қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 92 адам;
- бұрынғы концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары – 212 адам;
- екінші дүниежүзілік соғысының қайтыс болған мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) – 3 221 адам;
- екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қаза тапқандардың жесірлері – 6 адам;
- тыл еңбеккерлері — 74 116 адам;
- екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа тұлғалар – 20 111 адам.