Басты бетЖаңалықтарПетропавл әуежайы...

Петропавл әуежайы қайта сатылымға шығарылды

Петропавл халықаралық әуежайының сатылымға шығарылғаны жөнінде ақпарат  электронды сауда алаңында пайда болды. Бұған дейін нысанның мүлкі 5,6 миллиард теңгеге бағаланған еді.

Екі ай бойы сатылмаған әуежайдың бұл жолғы бағасы – 2,8 миллиард теңге. Сауда-саттыққа бір ғана инвестор қатысса да ол өткен болып есептеледі. Нысанды алған инвестор 10 жыл бойы әуежай бейінін өзгертпей, тиісті талаптарды орындап, жолаушылардың және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуі қажет. Осы аралықта кәсіпкер 1,5 миллиард теңге қаржы құйып, атқарылған жұмыс жайында әр жылдың басында есеп беруі тиіс,- делінген хабарламада.

Аукцион 12 мамыр күні өтеді.

СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхметтің айтуынша, қазіргі уақытта Петропавлдан күнделікті Нұр-Сұлтанға және аптаның бес күні Алматыға субсидияланған бағыттар бар. Ал Түркістан мен Шымкентке тілек білдірушілердің болмауына қатысты конкурс өтпеді,- делінген хабарламда.