Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, — деді Жанболат Жөргенбаев.
Жалпы отырыста палата депутаттары Жанболат Жөргенбаевты аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту тұрақты комитетінің құрамына сайлады.