Алматы облысының орталығы Талдықорғаннан Қонаевқа ауысты

Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорғаннан Қонаев қаласына көшірілсін, — делінген жарлықта.

Алматы облысының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, сонымен бірге орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағынысты мекемелерi Қонаевқа көшірілгенге дейiн Талдықорғанда орналасады.

Еске салайық, кеше, 3 мамырда Қапшағай атауы ресми түрде Қонаев болды.