Басты бетҚоғамШығыс Қазақстан...

Шығыс Қазақстан облысында екі жаңа аудан пайда болды

Президент жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының құрамында Тарбағатай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Ақсуат ауылында орналасатын Ақсуат ауданы, Көкпекті ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Самар ауылында орналасатын Самар ауданы құрылды.

Құжатта сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілетіні жазылған.

Орталық мемлекеттік органдар, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдары орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен ұйымдардың іркіліссіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, — делінген құжатта.

Жарлық 2022 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.