Басты бет Басты Универсиада: Сергей Малышев Қазақстанға тағы бір медаль сыйлады

Универсиада: Сергей Малышев Қазақстанға тағы бір медаль сыйлады

Универсиаданың соңғы күні қазақстандық шаңғышы Сергей Малышев қола жүлде иеленді.

Дүниежүзілік 28-Универсиаданың соңғы күні шаңғышылар арасында классикалық стильде масс-старт жарысы өтті. Сайыста ресейлік Дмитрий Ростовцев алтыннан алқа тақса, күміс жүлдені оның командадағы серіктесі Валерий Гонтарь алды. Ал қола жүлдені Сергей Малышев еншілеп, Қазақстан қоржынын 35-жүлдемен толықтырды.

Айта кетейік, командалық есепте Ресей құрамасы 70 жүлдемен бірінші орында, ал Қазақстан спортшылары тізімде 35 медалмен екінші орында тұр. Үшінші орын Корея құрамасының еншісінде, жалпы есепте олар 21 медаль жеңіп алды.

Бүгін, 2017 жылдың 8 ақпанында сағат 18:50-де «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді. Жабылу салтанаты 1,5 сағатқа созылып, «Алматы -Арена» кешенінде өтеді.

 

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version