Екі мыңыншы жылдардың ортасында Қазнетте мемдер пайда болды: алдымен Рунет, жекелей алғанда ВКонтакте желісі арқылы таралған күлкілі суреттер кейін алды барлық әлеуметтік желіні, қала берді басқа ақпарат көздерін басып қалды. Өмірімізде кездесетін алуан түрлі оқиға-жағдайды шымшып жеткізетін мемдерсіз бүгіннің лентасы мен мессенджерін елестету қиын.

«Шылымқордың пәлені, сау адамның пәлені» (пәлен деген сөздің орнына қиялыңыз жеткен кез келген дүниені қоюға болады) деген мемді көп адам көрген болар. Бұл суретте автор әдетте әлдебір қалыпты құбылысты сол қалыптан ауытқыған балама нұсқамен салыстырып, күлкілі сурет түрінде ұсынып жатады.

Сондай мемнің бір мысалы

Қарама-қайшы екі затты не әрекетті қатар қою тәсілі шылым шегуге қарсы күресетін әлеуметтік жарнамадан келген болатын: «сау адамның өкпесі» (табиғи түсті) мен «шылымқордың өкпесін» (қарайып кеткен) «таразының екі басына» салып берген суреттерді көбіңіз кездестірген боларсыз. Тіпті осы шаблонды негіз етіп алып, өз меміңізді жасауға мүмкіндік беретін сайттар әлі күнге бар.

Мұндай суретті әркім-ақ көрген болар

Бір қызығы, бұл сурет әлі күнге өзектілігін жоғалтқан жоқ: қазір шылымқордың ағзасына келетін зардапқа бірінші кезекте никотин емес, темекі жанған кезде бөлінетін канцероген, шайыр секілді заттар «кінәлі», яғни өкпенің қарайып, қошқылданып, ысталуына дәл осылар жауапты екені белгілі болып отыр. ниЖевред жобасы көтеріп, айтып жүрген зиянды азайту концепциясы шылымқорға бұл жаман әдетті бірден қойып кете алмасаң да, жану процесін «айналып өтетін» түтінсіз балама дүниелерге – темекіні қыздыру құрылғыларына өтуге дәл осы себепті кеңес береді.

Мұндай мем саламатты өмір салтын насихаттауға арналған әдепкі жаттанды ұрандарға қарағанда әлдеқайда әсерлі болады, есте көбірек қалады айта берсек болатын шығар. Мәселен, темекі қорабының сыртындағы өкпе обыры немесе инсультпен есті алатын суреттер шылымқорларды қорқытудан баяғыда қалған болатын. Ал мемдердің қоғамға тигізер ықпалы күн санап артып келеді. Тіпті осы күнгі кей ғалым мемнің метатіл, яғни виртуал кеңістіктегі коммуникация тәсіліне айналып жатқаны туралы ойларын бөлісуде. «Мем» неғұрлым көпшілікке ұнап, кеңінен таралса, оның артқан жүгі де соғұрлым ауырлай береді, аудиторияның сезім-пікірін өзгерту қуаты да өсе түседі.

Мем түрінде салынған, шылым шегуге тыйым салатын сурет

Әлеуметтік проблемаларды көтеретін мемдердің аудиторияны қамту қауқары ең жоғары екен. Танымал Kiyeli Tezek аккаунтының авторы мемнің әлдебір мәселені шешпейтінін, алайда «сол проблеманы дөп тауып, ол жайлы мәліметті бұқараға жылдам жеткізуге көмектесетінін» айтады. Сондай-ақ қолданушы бұл құралдың «жиналып қалған ренішті шығаруға, нақты бір көзқарасты жеткізуге, қолданушыға қиын-күрделі мәселе жүгінен босауға» мүмкіндік беретінін атап кетті. Сондай-ақ, сарапшының пікірінше, мемнің артында нақты факт тұрса, оның ықпал ету күші артатын көрінеді.

«Мемді зерттеулер, ғылыми деректер секілді салмақты дүниемен араластырып ұсынған дұрыс. Сонда әсерлірек болады және қандай да бір мәселе жайлы ақпаратты жеткізуге жәрдемдеседі», — дейді Kiyeli Tezek.

Мем жасау оны аудиторияның оңай қабылдауының арқасында жеңіл жүреді. Мысалы, темекі қорабындағы ауру өкпенің немесе пародонтоздың суреті жиіркеніш тудырса, күлкілі суреттер, керісінше, стреспен күресуге көмектеседі. Терапевтік қасиеті де жоқ емес. Мұны кәдімгі шылымнан бас тартып, түтінсіз құрылғыларға көшкен адамдардың тәжірибесі де растап отыр.

Сондай жанның бірі – белсенді Татьяна Фоминова. Ол неше түрлі ауру бейнеленген қорқынышты суреттермен үрейді ұшырудың еш нәтиже бермейтінін айтады: «Зәре-құтыңды қашыратын пропаганда басталған кезде мен де, достарым да темекі қорабындағы суреттерді көріп, шошитын едік. Көбіміз осы фотолардың қарамау үшін арнайы портсигар сатып алдық. Алайда мұндай үгіт-насихат шылымды қойып кетуімізге еш көмектеспеді».

Татьянаға зиянды әдеттен бас тартуға балама құрылғыға өту жәрдемдесіпті. «Түтінсіз девайстар шылымға тәуелді болып қалмауға мүмкіндік береді. Темекіні қойып кетуіме бірден-бір себепші болған дүние – осындай құрылғылар, өйткені балама әдіске көшкен соң бірнеше күн өткенен кейін кәдімгі шылымның исі мен дәмін жақтырмай кетесің», — дейді ол.

«Денсаулық» бірлестігінің инфекциялық емес аурулар қатері факторларын төмендету бағытындағы өкілі, дәрігер Гинтаутас Кентра темекіден келетін негізгі зардап жану кезінде пайда болатын химия қоспалары мен канцерогенді шайырдан екенін растап отыр. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, қатерлі ісік секілді аурулардың пайда болып, асқынуына алып келетін дүниелерге себепші – түтін. Дәрігердің пікіріне қарағанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «темекі шығаратын ұйымдарға салынатын салықты арттыру керек» немесе «қорап сыртына қорқынышты сурет басу қажет» деген секілді ұсыныстары халықтың темекіні қойып кетуіне көмектесу үшін емес, сауат арттыру мақсатында әзірленеді екен. Оның үстіне, мұндай рекомендациялардың жаңармағанына 20 жыл өтсе керек. Ал ақпарат алмасу қарқыны әрі жылдам, әрі тым-тым тұрақты заманда өткен ғасырдың өзектілігін жоғалтқан әдістерін қолдану еш нәтиже бермесі анық.

«Жас ұрпақ үгіт-насихаттың бұл ескірген құралдарын қабылдамайды, себебі олар визуал контенттің жаңа әлемінде тәрбиеленді. Мем туралы айтар болсақ, әрине, шылымға қарсы күрестің дәстүрлі тәсілдерінен бас тартпау керек, бірақ болашақты шолып, жаңа форматтарды қолданып отыру да жөн болмақ», — дейді сарапшы.

Зиянды азайту концепциясы туралы, сондай-ақ зиянды әдеттен келетін зардап салдарымен күресудің тиімді жолдары жайлы серіктесіміз ниЖевред жобасының сайтынан оқи аласыз.