Ақорданың хабарлауынша, кездесуде Қазақстан мен Мажарстанның саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық ынтымақтастығын дамытудың перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы мажарстандық дипломатқа ілтипат білдіріп, премьер-министр Виктор Орбан жетекшілік ететін басқарушы «ФИДЕС» альянсын жуырда өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Петер Сийарто Мажарстан басшылығының Қазақстан президентін Будапештке сапармен келуге шақырғанын еске салды.
Петер Сийарто Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Жаңа Қазақстанды құру үшін жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды Виктор Орбанның қолдайтынын жеткізді.
Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке тың серпін беру үшін мемлекет басшысы премьер-министр Виктор Орбанның шақыруы бойынша Мажарстанға қарымта сапармен баруға дайын екенін мәлімдеді.