Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеоға байланысты мынаны хабарлаймыз: 2022 жылғы 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен Е. Назарбаев агенттіктің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде полицейлер көлігі қараңғыланған көлікті тоқтатқан видео тараған еді. Автокөлік иесі Антикор қызметкері екені айтылған болатын.
Агенттік мәліметінше, Ербол Назарбаев 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен қызметінен босатылған. Ол 14 сәуірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды.