Қазақстан Бокс федерациясының хабарлауынша, Golden Girl турнирінің алғашқы алтынын 80 келіге дейінгі салмақ санатында жарыс жолына шыққан 15 жастағы Елдана Тәліпова қанжығаға салды. Талантты жас боксшы ақтық айқаста ирландиялық Лорен Райаннан басым түсті. Айта кетерлігі, қазақ боксшысы бірінші раундтың 90-шы минутында-ақ төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы 16 жастағы Надежда Рябец (69 келі) те бірнеше ауыр кездесу өткізіп, соңғы жекпе-жекте канадалық Чарли Каванодан басым түсті. Үшінші алтынды Алматы облысының тумасы 16 жастағы Гүзалия Садықова жеңіп алды. Ескере кетерлігі, 75 келіге дейінгі салмақ санатында финалға шыққан боксшымыздың қарсыласы тағы бір отандасымыз Салтанат Естаева болған еді.
Рябец пен Садықова 2018 жылдың қыркүйегінде Буэнос-Айресте өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысуға үміткер саналады.
Швецияның Бурос қаласында өтіп жатқан Golden Girl турниріне әлемнің 22 елінен 254 спортшы қатысты.