Басты бетЖаңалықтарТоқаев Конституцияға...

Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынды

Реформалар қолға алынған кезде конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын,-деді президент Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІ сессиясында.