Ғарыштың «дәмі» аталған Coca-Cola Intergalactic шектеулі түрде сатылымға шықты

Coca-Cola Creations бүкіләлемдік жобасы аясында Қазақстанда Coca-Cola Intergalactic атты жаңа сусын шектеулі түрде сатыла басталды. Бұл өнімді жарыққа шығаруда компанияны ғарыш тақырыбы мен цифрлы технологиялардың шексіз мүмкіндіктері шабыттандырыпты.

«Coca-Cola Intergalactic әдеттегі Coca-Cola-ның фирмалық дәмін мүлдем күтпеген басқа дәмдермен үйлестіреді. Мәселен, қызыл түс пен ғарышқа саяхаттау сезімін бере алатын салқын дәм бірге қосылып, ерекше әсер сыйлайды», — деді жаңа дәмді сипаттау барысында бренд өкілдері.

Сусын қаптамасының дизайны галактикааралық саяхаттың жалпы идеясын қолдайды: жұлдызды аспан мен жылтырайтын, түрлі түске еніп құбылатын, түсін өзгерте алатын градиент бар.

Айта кетейік, Қазақстан посткеңестік мемлекеттер арасында бұл шектеулі сусын сатылымға шықан жалғыз ел болды.

Жоба аясында Coca-Cola танымал америкалық әнші Ava Max-пен ынтымақтасқан болатын. Ол Intergalactic үшін толықтырылған шынайылық элементтері бар тамаша концерт түсірді. Концертті көру үшін сусын қаптамасындағы QR-кодты сканерлеуге немесе www.cocacola.com/creations вебсайтына кіруге болады.

Сондай-ақ, Coca-Cola компаниясы бірегей өнімнің шығуына орай қазақстандық суретшілер Мика Барни мен Бахтияр Беркінмен бірігіп, галактикааралық стильде мультимедиялық кеңістік ұйымдастырды. Кеңістікті 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында «36-үй» (Алматы қаласы, Бәрібаев к-сі, 36) алаңына келуге болады. Бұл — көп бояулы, футуристік кеңістік. Қонақтар «X планетасының» қандай бола алатыны жайлы қиялдап, оның кейбір элементін қолмен ұстай алады.

«Осы көркем эксперименттің көмегімен біз «Х планетасында өмір бар ма?» деген сұраққа жауап беруге тырыстық. Оған қоса, келушілерге ойдан шығарылған ғарыш әлеміне жасалған саяхаттан ұмытылмас әсер сыйлағымыз келді», — дейді Coca-Cola Kazakhstan компаниясының коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман, — «Кеңістіктің әр интерактив аймағы сізге көп бояулы, неон әлеміне тура мағынада қадам басуға мүмкіндік береді. Мәселен, айна тәрізді қабаттардан салынған калейдоскопы бар аймақ шексіз жұлдызды ғарыштың сезімін тудырады».

«Біз ғарыш саяхатының қалпын барынша жеткізу үшін түрлі текстурамен, жабдықтармен, неон элементтерімен, флористикамен, голографиялық және жарық шағылыстыратын материалдармен жұмыс істеуге тырыстық», — деді Бахтияр Беркін мен Мика Барни өздерінің ғарыштық инсталляциялары туралы.

Coca-Cola шынайы және цифрлы әлемде мәдениет, музыка мен ойындар салаларындағы сәттерден шабыт алып, жаңа дәмді, дизайн жасауды және қайталанбас әсер сыйлауды жақсы көреді. Компания осылайша өзінің танымал өнімдерін шектеулі шығарылымдар арқылы қайта ойластырып, жаңа дәм табады. Intergalactic дәмі танылмастай деп суреттеледі. Жаңа сусын дәм сезу рецепторларын қоздырып, ойыңызды жердегі шектеулер бұғауынан ажыратып, алып кетеді. Компания өкілдері бұл бірде-бір басқа гастрономиялық тәжірибеге ұқсамайтынына кепілдік береміз дейді. Шамамен ғарыштың дәмі сондай болса керек.

Coca-Cola ғарыштағы алғашқы алкогольсіз сусын болды. 1985 жылы «Челленджер» кемесінде ғарышкерлер сусынды салмақсыздық күйде көпіршікті сақтап қалатын арнайы модификацияланған қаптамадан ішті. Сынақ нәтижелері сол жылдары кең таралмаса да, бұл оқиғаның тарихта өз орнын алғаны анық. 30 жылдан астам уақыт өткен соң компания осы тарихи кезеңді Coca-Cola Intergalactic шектеулі шығарылымымен атап өтуде.