Асылбек Шәменов Қызылорда әкімі болды

Асылбек Шәменов Қызылорданың әкімі болып тағайындалды.

Асылбек Шәменов 1978 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастаған.

2007-2012 жылдары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.

2012-2018 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда әкімінің орынбасары, 2018 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді. 2020 жылдың наурыз айынан Жалағаш ауданы әкімі қызметінде болды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 1-3 сәуір аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

ОСК мәжілісті сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісін сайлаудың түпкілікті қорытындысын шығарды.

Орталық сайлау комиссиясы депутаттарды тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы сайланған депутаттарды ресми түрде тіркеді. Бүгін оларға мәжілісітің куәліктері тапсырылды.

«Ауыл» партиясы мәжіліске өткен депутаттар тізімін ұсынды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мәжілістегі депутаттарының тізімін жариялады.

Мемлекет басшысы елдегі туризм мәселесін көтерді

Үкімет пен парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Бұл туралы мемлекет басшысы VIII сайланған ҚР парламентінің бірінші сессиясында айтты.