Басты бет Жаңалықтар Үй тапсырмасына шектеу қойылады — Ерлан Сағадиев

Үй тапсырмасына шектеу қойылады — Ерлан Сағадиев

Алдағы уақытта оқушыларға кейбір пән бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мектептерде электронды күнделік пен электронды оқулық болғаны дұрыс. Ең маңыздысы, мектеп дәліздерінде шкаф болуы керек. Сондай-ақ, үй тапсырмасына шектеу қойылмақ.

«Бүгін немесе ертең арнайы хабарландыру шығады. Осыған дейін мектеп директорларының екі тобы мен әдіскерлер оқушыларға берілетін үй тапсырмасының көлемін зерттеген болатын. Біздің осы мәселеге қатысты ұсынысымыз бар. Яғни үйге берілетін тапсырманың уақытын 40 минутқа қысқартуды жоспарлап отырмыз. Болашақта кейбір пәндер бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін», — деді министр.

 

1 пікір

  1. Мен сіздің саясатыңызды қолдамаймын, оқушы үйден сабақты оқымаса бола ма?
    Үш тілге байланысты да айтарым бар. Ауылдың балдары оган дайын емес.
    Аудан орталыгынан арнаулы бір мектеп ашып,қалаган оқушы соган барып оқыса .
    ешкім ренжімеген болар еді

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version