«Қазақфильмнің» өндіріс жөніндегі вице-президенті қызметінен кетті

Ол бұл қызметке 2021 жылдың наурыз айында тағайындалған еді.

Мен әріптестеріме және бүкіл ұжымға бірге өткізген уақыттарымыз үшін жоғары деңгейде орындалған жобалар үшін алғыс айтамын. Мәдениет және спорт министрлігіне бірлескен жұмыс үшін басшылыққа сенім білдіргені үшін алғысым шексіз. Алға жылжитын уақыты келді, енді менің өмірімде жаңа кезең басталды, — деді Айдар Баталов.

Айдар Баталов 1987 жылы 13 желтоқсанда дүниеге келген. 2010 жылы ол London Film Academy-ді бітіріп, Қазақстанға оралғаннан кейін «Аңыздар кітабы: Жұмбақ орман» атты тұңғыш қазақстандық фантастикалық фильмнің желілік продюсері ретінде жұмысқа кірісті.
Бір жылдан кейін ол өзінің алғашқы қысқа метражды «Онлайн» фильмін, кейін толық метражды көркем фильм «Заговор Оберонаны» түсірді.