Басты бетЖаңалықтарМәлік Отарбаев...

Мәлік Отарбаев президент кеңесшісі болды

Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — делінген жарлықта.

Мәлік Отарбаев 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында туған.

Еңбек жолын 2001 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған.

2003-2016 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі;

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің халықаралық түркі мәдениетін дамыту «ТҮРКСОЙ» ұйымындағы өкілі;

2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің үшінші хатшысы;

2018-2020 жылдары – Түркістан облысы әкімінің орынбасары;

2020 жылдың қарашасынан бері қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы қызметін атқарып келді.