Елімізде отандық өндірісті дамыту мақсатында қандай зауыттар салынады?

Министрдің айтуынша, Атырау облысында пропилен өндіретін зауыт, Қарағанды облысында автомобиль шиналарын жасайтын зауыт салынады.

Бұған қоса Ақмола облысында алтын өндіру фабрикасы, ал Түркістан облысында мұнай өңдейтін зауыт іске қосылады.

Шымкентте алюминий банкілерін өндіру бойынша жоба іске қосылады. Шығыс Қазақстан облысында май экстракциялық зауыты, Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндірісін кеңейту жоспарланып жатыр. Алматыда алюминий және биметалл радиаторларының өндірісі іске қосылады,- деді Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысында.

Қазір зауыттардың басым бөлігінің құрылысы басталған. Сонымен бірге қара металлургия саласында 4 жаңа болат құю зауыты, 2 жартылай кокс өндіру зауыты және 5 ферроқорытпа зауытын іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл жобалар 1,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде импортты алмастыруға, сонымен бірге 3 миллиард АҚШ доллары сомасына экспортқа шығаруға бағытталған,- деді Қайырбек Өскенбаев.