Kcell Solutions компаниясының бұрынғы басшысы 7 жылға сотталды

Тергеуді қаржы мониторингі агенттігінің Алматы бойынша департаменті жүргізді.

Тергеу барысында компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта 5 компанияның есепшотына ақша аудару арқылы қаражат ұрлаған. Сонымен қатар өзіне жалпы сомасы 467 миллионнан астам теңгені құрайтын аванс бергені анықталды, — делінген ақпаратта.

Ол ұрланған ақшаны Алматыдағы букмекерлік кеңселерде жұмсаған.

Сот үкімімен Мади Шөкей қылмыстық кодекстің 189 бабы 4-бөлігі 2-тармағы («сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сонымен бірге ол 10 жыл бойы қаржылық жауапкершілікке байланысты қызметті атқару құқығынан айырылды.