Twitter, Inc. бүгін Илон Маскқа тиесілі компания бір акцияны 54,2 долларға сатып алатыны туралы түпкілікті келісім жасайтынын мәлімдеді, мәміле шамамен 44 миллиард долларға бағаланады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Илон Маск пен Twitter өкілдері әлеуметтік желіні 43 миллиард долларға сатуды талқылау үшін кездескен еді.
Илон Маск Twitter директорлар кеңесіне кірмейтінін мәлімдеді. Кейінірек әлеуметтік желінің бұрынғы акционерлері миллиардерді компанияның акцияларын сатып алу кезінде болған заңбұзушылықтарға байланысты сотқа берді.
Осыдан кейін Илон Маск компанияның барлық акциясын 41,39 миллиард долларға сатып алуды ұсынды.