Samsung Galaxy Орталық Азия дарыны конкурсына қатысады. Серіктес ретінде

Орталық Азиядағы ең жарқын реалити-шоудың бірі, миллиондаған көрерменнің назарындағы Central Asia’s Got Talent танымал халықаралық конкурсының екінші маусымының жартылай финалы басталды. 

Жобаның ерекшелігі неде?

Шоудың бас продюсері Серік Ақышев: «Мұнда ешқандай шектеу жоқ. Кез келген жастағы қатысушы кез келген жанрда өнер көрсете алады», — деп атап өтті.

Шынымен де, ең үлкен қатысушының жасы 80-де, ал ең жас қатысушы 5 жаста. Өнер көрсетушілердің арасында акробаттар, әншілер, бишілер, сиқыршылар, менталисттер, күш иелері мен басқа да көптеген дарындылар бар. Конкурсқа елді таң қалдыра алатын кез келген тұлға, яғни керемет, бірегей нөмірімен көпшіліктің көңілін аулай алатын талантты жан қатыса алады. 

Шоуға Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның өнер иелері қатысады, ал екінші маусымда бұл қатарға Әзербайжан қосылды. Әділқазылар алқасы Орталық Азияның аты шыққан танымал шоумендерінен құралған. 

Осыған дейінгі түсірілімдер мен түсіру алаңының эксклюзив материалдарын Aitube видеохостингінен көруге болады. 

Got Talent – Саймон Коуэлл шығарған бүкіл әлемде белгілі болған Fremantle британдық компаниясының форматы (70-тен аса елде көрсетіледі). Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең табысты реалити-шоу ретінде енгізілген. 

Central Asia’s Got Talent жобасы басталған сәттен бастап Samsung Galaxy бұл шоуға Z Fold3, S21FE смартфондарымен және S22 жаңа флагмандық сериясымен қолдау көрсетуде. Адамдарға кез келген сәтте мүмкіндік аясын кеңейтуге, толық өмір сүріп, өз әлеуетіңді қоршаған әлемге ашуға болатынын еске салатын бренд үшін бұл керемет алаң. 

Дәстүрлі форм-факторға қарағанда, айтарлықтай кеңейтілген мүмкіндіктерге ие бүгілетін Z Fold3, жылдам, функционалды және тиімді S21FE, сонымен қатар PRO деңгейлі камерасының жүйесі тәжірибелі фотосуретшілерді таң қалдыратын қуатты флагмандық S22 Ultra кіретін жаңа Galaxy смартфондары ең алдымен батыл қадамдарға шабыт береді.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз