Мамырда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері мамырда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Статистикалық болжамға сәйкес, мамыр айында Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады.

Мына өңірлерде орташа құрғақшылық болжанды:

  • Ақтөбе облысы: Әйтеке би және Хромтау аудандарында;
  • Қостанай облысы: Жангелді ауданында;
  • Қызылорда облысы: Қазалы ауданында;
  • Маңғыстау облысы: Маңғыстау ауданында.

Орташа ылғалды жағдайлар негізінен, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сонымен қатар Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстігінде болады, — делінген хабарламада.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз