Басты бетЖаңалықтарҚарағанды облысында...

Қарағанды облысында қарттар үйінің басшысы қамалды

Әлеуметтік мекемеде 90 адам тұрады, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген осы қылмысты жасады деген күдік бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің басшысы және әлеуметтік қызметкер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Қарағанды облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.