Мұны журналист Михаил Козачков Telegram-каналында хабарлады.
Түнде Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деп айыптап жатыр (Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1 және 2-бөліктері), — делінген хабарламада.
Кейін ақпаратты Алматы прокуратурасы Tengrinews.kz порталына растады.
Қайрат Құдайберген — 2021 жылдан бері Алматы мәслихатының депутаты. Q3 инвестициялық холдингінің құрылтайшысы және бас директоры, блогер.