Amanat партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында жазды.

Бүгін Amanat партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады,- деді Асхат Оралов.

Съезд барысында Adal саяси партиясының Amanat партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланып отыр.