Басты бетЖаңалықтарАрман Исетов...

Арман Исетов Таиланд корольдігінің елшісі лауазымына тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Бұл қызметті бұрын атқарған Раушан Есболатова Қазақстанның Таиланд корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Таиланд корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.