Сыбайлас жемқорлық агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген жарлықта.

Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Ұлан Сарқұлов 1980 жылы 27 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген. РФ ФСБ академиясын, РФ президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментінде бастады.