Елімізде әскерилердің физикалық дайындығы бойынша талап өзгереді

Өзгертулер жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

Нормативтер жобасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар мыналар:

1) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттардың» дене даярлығын бағалау тәртібі анықталды – бұрын бұл мәселе қарастырылмаған;

2) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттар» санаты әскери қызметшілер санатынан бөлінді – бұған дейін нақты санаттар арасы бөлінбеген;

3) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттарға» арналған жаттығулар айқындалды (100 метр жүгіру қосылды) – бұған дейін кейбір жаттығулар қарастырылмаған;

4) Жекпе-жек ұрыс тәсілдерін жасауға тартылатын санаттар айқындалды (1 және 2 жас тобындағы әйелдерге — бастапқы және 8 есепке орындалатын ЖЖК кешендері, 1 және 5 жас тобындағы әскери қызметші ерлерге – жекпе-жек бастапқы, арнаулы және 8 есепке орындалатын жекпе-жек кешендері) – бұған дейін кейбір жаттығулар дұрыс бөлінбеген;

5) Кедергілер жолағында орындалатын жаттығулар нәтижелеріне ауа температурасын және киім нысанын ескере отырып түзетулер анықталды — бұған кедергілер жолағында орындалатын жаттығуларға өзгертулер және киім нысанының нұсқалары болмаған.

Құжат жобасы 2022 жылдың 5 мамырына дейін қоғамдық талқылауға ашық болады.