Moody’s агенттігі Jusan Bank рейтингін «тұрақты» болжамымен B1 деңгейінде растады

2022 жылғы 12 сәуірде Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Jusan Bank-тің ұлттық және шетел валютасындағы депозиттер бойынша ұзақмерзімді рейтингтерін «Тұрақты» болжамымен В1 деңгейіндегі растады. 

Moody’s аналитиктерінің пікірінше, Jusan Bank басқа екінші деңгейлі банктермен қатар операциялық қызметі тұрғысынан да, кредит қабілеттілігі тұрғысынан да елдегі әлеуметтік және саяси тәуекелдерге деген тұрақтылығын көрсетіп отыр. Өз қорытындысында агенттік 2022 жылғы қаңтар айындағы оқиғалар өз маңыздылығына қарамастан халықтың қаржылық перспективасына және Қазақстанның бизнес сегментіне әсер етпегенін, қазақстандық банктерге тек шектеулі операциялық шығындар алып келгенін атап өтті.

«Рейтингтердің растамасы банктердің операциялық ортасы және кредит қабілеттілігі қызметтегі іркілістерді, қаржыландыру шарттарының қатаң болуы, айырбастау бағамының әлеуетті құбылмалылығын және жоғары құнсыздануды қоса алғанда, Ресей-Украина әскери қақтығысының нәтижесінде туындаған әлеуетті сын-тегеуріндерде тұрақтылықты көрсетеді деген Moody’sагенттігінің пайымдауын да назарға алып отыр», — делінген агенттіктің хабарламасында.

Рейтингті растау кезінде агенттіктің пікірі Jusan Bank-тің негізгі ағымдағы көрсеткіштеріне кешенді баға беруге негізделді, сондай-ақ макроэкономикалық және геосаяси қарбаластықтың ағымдағы мәнмәтінін ескерді.

«Біздің банктің ағымдағы стратегиясы әлемдегі сыртқы макроэкономикалық және геосаяси жағдайдың тұрақсыздығын ескеріп отыр. Қазіргі оқиғаларды мұқият бақылап отырмыз және қаржылық тұрақтылығымызды сақтау, сондай-ақ банктің дамуына және клиенттік сервиске теріс әсер етуі мүмкін факторларды түзетіп отыру үшін қажетті іс-әрекеттердің барлығын жасап жатырмыз, — дейді Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов. –Өткен жылдың маусым айында Moody’s-тің жоғарғы рейтингісіне ие болдықжәне сыртқы орта жағдайлар бұрынғыдан да агрессив болған уақытта оны сақтап қалдық. Рейтинг растамасы — Jusan Bank-тің ағымдағы мықты қаржылық позицияларына берілген объективті баға. Біз алдағы уақытта да осы позицияларды нығайтпақпыз, ретейл, шағын және орта бизнес, сондай-ақ прайет-банкинг сегменттеріне бағытталған Jusanцифрлық сервистерінің экожүйесі осыған платформа болмақ».

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес, Jusan Bank 2,5 трлн теңгемен активтердің портфелі бойынша бесінші орынды, көлемі 1 трлн теңгеден асқан кредит портфелінің көлемі бойынша алтыншы орынды және 1,3 трлн теңге көрсеткішпен заңды және жеке тұлғалардың салымдарының жиынтық көлемі бойынша жетінші орынды иелене отырып, Қазақстанның ең ірі банктерінің қатарына кіреді. Jusan Bank-тің пруденциалды нормативтері Реттегіш белгілеген ең төменгі талаптардан айтарлықтай өсуін жалғастырып, тұрақтылықтың үлкен қорын көрсетуде: наурызда Jusan Bank-тегі меншікті капитал жеткіліктілігі коэффиценті (k1) 31%-ті құрап, белгіленген нормативтен 5 есе асты, ал ағымдағы өтімділік көрсеткіші (k4) белгіленген нормативтен 6 еседей асып, 205%-ті құрады.

Өз қорытындысында Moody’s осы рейтинг әрекеті агенттік 2022 жылғы қаңтарда Jusan Bank-ті қоса алғанда қазақстандық қаржы ұйымдары үшін бастаған қайта қарауды аяқтайтындығын атап өтеді. 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.