Елордада 18 соғыс ардагері тұрады, олардың ең үлкені — 102 жаста, ең кішісі-96 жаста. 9 мамырда Жеңіс күнін мерекелеуге олар 1 миллион теңге (1 013 060 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алады,- делінген қалалық әкімдіктің сайтында.
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер, ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен басқа, 111 300 теңгеден алады. Барлығы 410 адам, оның ішінде — ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар, Ленинградта блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.
Ардагерлер төлемдерді бүгіннен бастап ала бастайды.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне келесі тегін қызметтер көрсетіледі:
- коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы, ол пәтер алаңына байланысты ай сайын 5-тен 8 АЕК-ке дейін бөлінеді;
- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- мерзімді басылымдарға жазылуға, моншаларға, шаштараздарға баруға әлеуметтік көмек (жыл басында жеке шоттарға 6,5 АЕК аударылады);
- санаторлық-курорттық емдеу қызметтері;
- қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру;
- тіс протездеу қызметтері.