DigitalLife: «Алдымен селфи жасап алайын»

«Кселл» және «E-event» компанияларының бірлестігінің арқасында ауқымды жоба 2015 жылдың маусым – желтоқсан айларында жүзеге асты. Студенттерден бастап зейнеткерлерге дейін барлық әлеуметтік топтарды қамтыған 150-ден астам тренинг, акция және мастер-класстар Қазақстанның 16 қаласында өткізілді. Бизнес, мәдениет, білім беру саласының өкілдері, сонымен қатар барлық қатысам деушілер ұсынылған 12 тақырыптың арасынан қалағанын таңдап смартфондарға арналған ұялы қосымшаларда жұмыс істеуді үйренді. «Ұялы медиа», «Бастауыштарға арналған ұялы қосымшалар», «Ұялы қауіпсіздік», «Ұялы денсаулық», «Ұялы мемлекет», «Білім алу үшін ұялы қосымшалар», «Мәдениетті адамдар үшін ұялы қосымшалар», «Бизнеске арналған ұялы қосымшалар» — бұл 4 мыңнан астам қатысушы тыңдаған тренингтердің тек біржартысы.

«Ұялы интернет қазақстандықтардың арасында жиі қолданысқа түсті. Тіпті Жаңа жыл түні біз құтықтауларды смартфоннан мессенджерлер және әлеуметтік желілер арқылы жібергенді жөн көреміз. Смартфондардың күнделікті өмірде қолданысы өсіп барады. Алайда, бұған қарамастан, ұялы байланыстың көптеген тұтынушылары ұялы телефондардың көнерген модельдерімен қолданады. Бұндай жағдай оларды өздігінше «сандық белесте» ұстайды. Сондықтанда «DigitalLife» жобасының мақсаты – бұл белесті қысқартып, барлық жігерлілерге смартфондар мен ұялы қосымшалар ұсынған жеке және кәсіби дамуына керемет мүмкіндіктерге көз ашады.Біздің жоба қатысушыларға ұнағанына өте қуаныштымыз. Бұл тренингтер қатысушылардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, бұрынғыдан да қызықты әрі жарқын етеді деген үміттеміз» — деді, «Кселл» АҚ-ның байланыс бөлімшесінің басшысы Наталья Еськова.

«Білім беруге арналған ұялы қосымшалар» тренингіне Қазақстанның 16 қаласында, 19 жоғарғы оқу орнынан 400-ден астам студент қатысты. Тренинг барысында олар онлайн-университеттермен қолдануды үйреніп, химия, биология және математика пәндеріне арналған қосымшалармен танысты. Астана Медицина Университетінің студенті Айжан Сурумбаеваны анатомия бойынша қосымша қатты қызықтырды. Латын, орыс және ағылшын тілдерінде қолайлы, дәл 3D анатомиялық модельдер бар арныйы ұялы қосымша бар екеніне Айжан таң қалды.

«Қыздарға арналған ұялы қосымшалар» тренингіне кейбір қатысушылар аналарымен бірге келді. Бұл жайлы Ақтау қаласынан Анастасия Вова айтып кетер. «Біз бұл тренингтерден керемет білім алдық. Мысалға, ұялы қосымша арқылы ақшаны үнемдеп, жанұялық бюджетті қадағалау. Мен смартфонмен қолданғаныма біраз болса да, өзім үшін көптеген пайдалы хабар алдым. Менің анам да енді ұялы қосымшалар жайлы біраз нәрседен хабары барына өте қуаныштымын» деп, Анастасия өз ойымен бөлісті.

Қазақстанның 12 қаласында өткен, журналистер мен блоггерлерге арналған «Ұялы медиа» тренгине 254-тен астам адам қатысты. Бұл оқытулар барысында олар смартфондар мен планшеттер арқылы суреттерді өңдеу, видео-монтаж және лонгрид жасау тәсілдерін үйренді. «Жаңарту әрқашанда жақсығой. Оның үстіне, журналист мақаланы тек смартфон арқылы жаза білсе, бұл тіпті керемет. Аудиториямен қарым-қатынаста өз жеделдігіңді сапалы түрде арттырудың бірден-бір тәсілі» — деп, өз пікірін «Отырар» телеканалының бас редакторы Зәуре Оралбаева білдірді.

DigitalLife тренингтерінің көптеген қатысушылары, тренгинг жайлы бұрын қатысқан таныстарынан білді. Мысалы Нина Дмитриевна Павлиенко Өскемен қаласындағы «Ұялы мемлекет» тренингіне туған Курчатов қаласынан арнайы келіп қатысты. «Тренинг өткізгендеріңіз үшің рахмет. Мен 65 жастамын,бұл мен үшін өте пайдалы әрі керекті хабар деп санаймын. Бұдан былай электронды мемлекетпен қолданып, электронды төлем-ақыларды атқаруды үйренемін», — дейді, Нина Дмитриевна.

«Денсаулыққа арналған қосымшалар» тренингінде тыңдаушылар кардиографалармен қолдануды,саулық күнтізбесі мен калорий шотын жүргізу, дәрі ішу графигін реттеу, сонымен қатар арзан дәрі-дәрмек іздеуді үйренді. Сол себепті бұл трендингтер орта жасы 30 жас құрайтын, 15 қалада 322 қатысушы жинады.

«DigitalLife» жобасының ерекше мақтанатыны – бұл 50 жастан асқан 60 адамды смартфонмен қолдануды үйреткен арнайы «Аташки, апашки и смартфон» жобасы. Бұл жоба Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Атырау және Ақтау қалаларында өтті. Жобаның басты мақсаты 50-ден асқан зейнеткерлерді смартфонмен қолдануды үйретіп, барлық пайдалы қосымшалардың артықшылықтарымен таныстыру. Оқыту барысында қарт кісілерді смартфондағы GooglePlay және AppStore дүкендеріндегі ең керекті қосымшаларды жүктеп және қолдануды үйретті.Оқытудың келесі сатысында  — электронды почтаға тіркеліп, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы байланыста болуды үйренді. Бұл арнайы курстың аяғына таман, ден-саулыққа арналған және бос уақытта шұғылданатын кино, шахмат, танысу желісі сияқты қосымшалармен қолдануды үйретті. «Аташки, апашки и смартфон» тренингі барсыныда 82 жастағы Сара Нурдыбаева алғашқы рет Однаклассники желісіне тіркеліп, өз класстастарын тапты. Ол кісінің замандасы Ақтау қаласындағы Лина Ивановна алғашқы селфи-видео түсіріп оны youtube-ке жүктеді. Ал Қарағанды қаласының тұрғыны Нина Леонова немерсімен мессенджерлер арқылы хабарласып, желіде тоқыма нұсқауларының жаңа түрлерін тауып отырады.