Астана Қазақстан

Келушілер саны 340 адамды құрады. Шараға елорда әкімдігі басқармаларының басшылары, «Сарыарқа» ауданының активі, қалалық мәслихаттың депутаттары, елордалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілдері, ПИК төрағалары, колледж студенттері, елорда әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова қатысты.

Арман Тұрлыбек тұрғындарға өткен жылдың қорытынды жасап, шағымдар жайлы талқылап, алдағы жылға міндеттерді белгілеп берді. Сондай-ақ ол аудандағы тозығы жеткен, апатты үйлердің орнына салынатын, азаматтардың бос уақыттарын өткізуіне арналған заманауи қоғамдық кеңістіктер құрылатындығын жеткізді.

«Сондай-ақ, егде жастағы адамдарға арналған «Дәрігер жақын» жобасы іске қосылды және зейнеткерлер мен ардагерлерге арналған шағын-орталықтар ашылады, оған қоса, жастарға арналған «Арт хаус» жобасы тағы бар», – деп хабарлады әкім.

Тұрғындар апатты үйлерді бұзғаны үшін сәйкес өтемақы төлеу, қоғамдық көлік бағыттарының жетіспеушілігі, ауданның санитарлық жағдайы, ескі құрылыстарға жеткілікті деңгейде күрделі жөндеу жүргізілмеуі, ТКШ жаңғырту бойынша мәселелерді ортаға салды. Сонымен бірге, тұрғындарды мазалайтын сұрақтардың қатарында аулалардың жағдайы, коммуналдық қызметтерге тарифтердің қымбаттығы, тіршілікті қамтамасыз етудің өзде де мәселелері бар. Азаматтардың түрлі пікірлері, ұсыныстары, тілектері тыңдалды. Әкім әсіресе, студент жастардың бастамаларына назар аударды.

«Қазір дублер күнін өткізу ойы айтылды, әр азамат бір күн әкім болып, тұрғындардың проблемаларын тыңдай алады», – деді Арман Тұрлыбек.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!