Бұл ретте халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы, БНС деректері бойынша 2022 жылғы ақпанда 143 246 теңгені құрады, бұл 2021 жылғы ақпанмен салыстырғанда 17,3%-ке жоғары, көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай кірістер 7,9%-ке өсті,- делінген хабарламада.
2022 жылғы наурызда жұмыссыздар 457,4 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны наурыз айының соңында 175 мың адамды немесе жұмыс күшінің 1,9%-ін құрады,- делінген хабарламада.