Басты бетЖаңалықтарПавлодардағы түрмеде...

Павлодардағы түрмеде тыйым салынған аймаққа өткен сотталушы ұсталды

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 16 сәуірде сағат 12:30 шамасында болған. Сотталушы бақылаушылардың ізімен тыйым салынған аймаққа кіріп кеткен.

Сотталған адамның қашуға әрекеттенгенін байқаған бекеттің кезекші күзетшісі ескерту жасаған, артынша дабыл сигналын басқан. Содан кейін ұлттық ұлан сарбазы қарауыл бастығына хабар беріп, ескерту ретінде аспанға оқ атқан,- делінген хабарламада.

Сотталушы ішкі тыйым салынған аймақта ұсталды. Мән-жайды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шарасы басталды.

Сонымен қатар, Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және ұлттық ұланның 6679 әскери бөлімінің командирі бірлесіп қызметтік тергеу бастады.