Басты бетЖаңалықтарҚазақстандық мәнерлеп...

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем чемпионатында күміс иеленді

Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ұлдар арасында жеке бағдарламада өнер көрсеткен 17 жастағы қазақстандық Михаил Шайдаров күміс жүлдеге ие болды. Негізгі бағдарламада ол 234,31 ұпай жинады.

Алтын медальді АҚШ өкілі Илья Малинин жеңіп алса, қола медаль жапон спортшысы Тацуя Цубойға бұйырды.

Айта кетейік, бұл мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық спортшылар үшін тарихи жетістік. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатында ешкім медаль алмаған.