Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 20...

Қазақстанда 20 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

“Қазіргі кезде республика бойынша 20 мыңнан астам бос жұмыс орындары бар. Ол жерлерге кәсіби мамандар жетіспей жатыр. Сондықтан биылғы Жолдауда кәсіби білім беруге қатысты талап-міндеттер орынды қойылып отыр. Мәселен, биылдан бастап жастар алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алады. Осымен өндірістерді кәсіби мамандармен қамтамасыз етудің бұрынғы жүйесі қайтып келіп отыр. Сондықтан алдағы уақытта жаңа кәсіпорындар мен зауыттарда жас әрі кәсіби мамандар көбейетін болады”, – деді Құсайынов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгінгі шара барысында федерация басшысы арнайы сауалнаманың нәтижесінде қазіргі ең төменгі күнкөріс деңгейінің анықталғанын жеткізді. Оның айтуынша, аталған жұмыстың толық есебі жақын арада Үкіметтің қарауына ұсынылады.

ДереккөзNaryk.kz