Басты бетМәдениетАлматыда енді...

Алматыда енді опера әншісі Роза Бағланованың ескерткіші бар

Ескерткіш Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдына орнатылды. Роза Бағланова бұл филармонияда 1949-1960 жылдар аралығында еңбек етіп, өнер көрсеткен.

Ескерткіштің биіктігі — 4,8 метр. Қола және граниттен жасалған ескерткіштің авторлары – мүсіншілер Д.Ағзамов, У.Ақжолтай, А.Жамхан, А.Қабыл.

Роза Бағланованың ескерткіші
Ескерткішке гүл шоқтарын қойып жатқан азаматтар. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ескірткіштің ашылу рәсіміне әншінің туғандары мен жақындары – ұлы Тәжен мен келіні Марал Бағлановтар мен елімізге белгілі өнер адамдары қатысты.

«Ақмаңдайлым» мерекелік концерті. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін сонымен бірге Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдығына орай Республика сарайында «Ақмаңдайлым» атты мерекелік концерт өтті. Аты аңызға айналған әншінің репертуарындағы әндерді Қазақстанның белгілі артистері орындады.